Қазақстандағы зейнетақы жинақтарының көлемі ең жоғары деңгейге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы зейнетақы жинақтарының ұлғаю қарқыны 2008 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгейге оралды, деп хабарлады Ranking.kz.
None
None

2013 жылы жинақ өсімі 20-дан 18 пайызға түсті, алайда 2014 жылы бұл көрсеткіш қайта 2 пайызға өсті. Биылғы жылы ол 25 пайызға дейін өсті. Осы аяда ҚР-дағы зейнетақы жинақтары тарихи деңгейге жетіп, 5,4 триллион теңгені құрады.

Зейнетақы жинағының өсуіне қолдау көрсететін фактор инвестициялық табыс бойынша түсімдердің ұлғаюы болып табылады. 2010-2013 жылдарда құлдырағаннан кейін зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен табыс жылдық есепте 55 пайыз көрсеткішке жетіп, сенімді өсім көрсетті. Бұл ретте оң динамика сыртқы орта факторларының нашарлағанынан (девальвациялық және инфляциялық қысымның өсімі) қарамастан сақталды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға зейнетақылық активтер мен міндеттемелерді көшіру 2013 жылы қазанда басталып, 2014 жылы наурызда сәтті аяқтағаны белгілі. Зейнетақы заңнамасына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ міндетті, міндетті кәсіби, ерікті зейнетақы жарналарын тартады.

Соңғы жаңалықтар