Қазақстандағы жалған кәсіпорындар мемлекетке 267 млрд. теңге көлемінде шығын келтірді
АНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандағы 825 жалған кәсіпорын мемлекетке 267 млрд. теңге көлемінде шығын келтірді.
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында депутаттармен кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.
Комитет басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі таңда еліміздегі соттардың шешімімен 825 салық төлеуші жалған кәсіпорындар ретінде анықталды. Олар өз қызметтерінде 16 мың 528 кәсіпорынмен жұмыс істеп үлгерген және 818 млрд. теңгеге шоттық-фактуралар жасасқан. Нәтижесінде, бұлардың жұмысынан бюджетке түспей қалған шығындардың есептік сомасы 267 млрд. теңгені құрады.