18:35, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстандағы жаңаратын энергия ресурстарының әлеуеті 1 трлн. кВт/с-дан астам қуатқа бағаланып отыр
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы жаңаратын энергия ресурстарының әлеуеті 1 трлн. кВт/с-дан астам қуатқа бағаланып отыр. Бұл туралы KAZENERGY VII Еуразиялық форумында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ жаңаратын энергия көздерін пайдалану бойынша жобаларды жүзеге асыруда. Оның ішінде Кербұлақ, Шардара, Бұлақ гидроэлектр стансаларын және Алматы және Ақмола облыстарындағы жел электр стансаларын, сондай-ақ Алматы облысындағы Қапшағай қаласы маңындағы күн энергиясының стансасын салу іске асырылмақ.
А. Сатқалиевтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанның шағын өзендерінің әлеуетін кешенді зерттеу жоспарланып отыр. Осы орайда энергия балансына тарту үшін шағын ГЭС-тің құрылыстары бойынша болашағы бар жобалардың тізімін анықтау көзделген.