Қазақстандағы жанармай тапшылығы қолдан жасалған - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жанар-жағармайды бөлшек саудада өткізу нарығында қалыптасқан жағдайға қатысты хабарлама жасады.
Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың маусымында ҚМГӨ РФ-ден мұнай өнімдерін жеткізу бойынша бірыңғай оператор болып анықталды. РФ мен ҚР мұнай мен мұнай өнімдерінің 2014 жылға бекітілген теңгерімі аясында мұнай өнімдерін серпінді жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың маусымында Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан мұнай өнімдерінің импортына шектеу енгізілді.
2014 жылдың қаңтар-мамырында РФ-ден ҚР-ге автобензин импортының серпіні мұнай өнімдерінің бажсыз жеткізу көлемінің келісілген индикативтік теңгерімінен асып кету қаупін өткерді.
РФ-ден ҚР-ге импортты нақты шектеу 2014 жылдың маусымында енгізілді, 2014 жылдың 29 шілдесінде шектеу алынып тасталды. 2014 жылдың маусым-шілдесінде РФ-ден ҚР-ге әкелінген бензиннің нақты көлемі 43,2 мың тоннаны құрады.
«ҚР бөлшек сауда нарығындағы бензин тапшылығының мүмкін себептерінің бірі ҚР нарығында шекті бөлшек сауда арқылы өткізу бағасының көтерілуін күтіп, нарық қатысушыларының өздері ЖЖМ-ді өткізуді ұстап тұруы мүмкін. Алдағы уақытта бағаның көтерілетіні туралы ақпарат әрдайым әр түрлі БАҚ-тарда жариялануда», делінген хабарламада.
Алматы, Орал, Қостанай қалаларындағы мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензиннің ағымдық қоры 2014 жылдың 15 тамызындағы жағдай бойынша («Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ деректері бойынша): Алматы қаласы және Алматы облысында - 20 050 тоннаны, БҚО-да - 2 427 тоннаны, Қостанай облысында 8 946 тоннаны құрады.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС хабарлағандай, АИ-92 маркалы бензиннің жоғарыда көрсетілген қоры аталған өңірлердің тұтынушылығын 7-10 күнге дейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. ҚР МӨЗ-ден АИ-92 маркалы бензинін тәуліктік тиеп-жөнелту 5,5-5,8 мың тоннаны құрайды, ҚР-да жаппай тапшылықтың туындауы үшін негіздеме жоқ.
«ҚР нарығында АИ-92 маркалы бензинінің өткізілуіне жасанды кедергі жасау жағдайларында АИ-95 маркалы бензинін тұтынудың артуы байқалады, бұл АИ-95 маркалы бензинінің шектеулі ішкі өндірілуі жағдайында аталған отын түріне белгілі бір теңгерімсіздікті туындатуы мүмкін» деп атап өтті компаниядан.