10:46, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қазақстандағы жеңіл автокөліктер саны 3 млн. 819,3 мыңнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстандағы қолданыста бар жеңіл автокөліктің саны 3 млн. 819,3 мың бірлікті құрады.
Сонымен қатар, 2014 жылғы қаңтар-қазанда елімізде 636 959 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен алыстырғанда 16,1 пайызға жоғары.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2014 жылдың қаңтар-қазан аралығында республика бойынша тіркелген жеңіл автокөліктердің ең көп үлесі Алматы облысына тиесілі, бұл - 85 мың 913 бірлікті құраған. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысы - 80 мың 758 бірлік және Алматы қаласы - 78 мың 803 бірлікті құрап отыр.
Тоқтала кететін жайт, 2014 жылдың қаңтар-қазан аралығында тіркелген автокөліктердің тең жартысынан астамы, нақтылап айтқанда 340 мың 886-сының шығу жылы 10 жылдан асқан болып табылады.