Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көпшілігінде жемқорлық көріністері бар - сауалнама

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көпшілігінде жемқорлық көріністері бар.
None
None


Бұл туралы бүгін Алматыда «Жас кәсіпқойлар» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері арнайы жүргізген сауалнама қорытындысын жариялау барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Сауалнама Еуропалық Одақтың қаржылай көмегімен наурыздың 12-сі мен  мамырдың 12-сі аралығында еліміздегі 16 ең ірі жоғары оқу орындарында ұйымдастырылып, 1400-ден астам студенттен сұхбат алынған. Сауалнама барысында респонденттердің 50 пайызы университеттерде жемқорлықтың бар екенін білдірсе, тағы бір бөлігі студенттер құқығының қорғалмайтынын, компьютерлердің аздығын, оқу бағдарламаларының сапасыздығын  айтқан. Сонымен қатар, студенттік ұйымдар жұмысының нашарлығын да сынға алған. «Жас кәсіпқойлар» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері бұл мәселеге назар аудару қажет екендігін айтады.

Соңғы жаңалықтар