Қазақстандағы жолдардың 86 пайызға жуығы өткен ғасырдың 60-80 жылдары салынған
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Көлік саласының басты проблемасы жол төсемдерінің көтеру мүмкіндіктерінен белең алып отыр.
Бұған объективті себептер де баршылық. Өйткені, еліміздегі жолдардың басым бөлігі, яғни 86 пайызға жуығы өткен ғасырдың 60-80 жылдары сол кезеңнің нормативтік талаптарымен салынған. Бүгін Парламент Мәжілісінде көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Экономикалық даму және өңірлік реформа комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті.
Депутаттың айтуынша, өткен ғасырда салынған жолдарға рұқсат етілген жүктеме 6 тоннадан аспауы тиіс болатын. «Ал бүгінгі таңда қозғалыс жылдамдығының азаюы, жолаушылардың жолда болуы, тауарларды жеткізу уақытының ұлғаюы, сонымен бірге көліктік пайдалану шығыстарының артуы, ең сорақысы, жол апатының көбеюі орын алуда. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда былтыр жол-көлік оқиғаларының саны 18 пайызға өскен. 14 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 мыңнан астам адам мерт болды», - дейді С. Әйімбетов.