Қазақстандағы ЖОО-ларда Цифрлық университет моделі енгізіледі
«Саланы цифрландыру аясында министрлік «Цифрлық университет» моделін енгізуді жоспарлап отыр. Цифрлық университет моделін құрудың негізгі мақсаты - цифрлық технологиялар арқылы университеттегі негізгі және басқару процестеріне өзгеріс енгізу. «Цифрлық университет» моделі білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелеген білім беру салалары бойынша курстар мен жаңа форматтарды енгізуді көздейді», - деді Камиль Ақатов.
Оның айтуынша, «Цифрлық университет» моделі 4 негізгі бағыттан тұрады. Олар - деректерге негізделген басқару жүйесі, цифрлық білім беру технологиялары, жекелеген білім беру салалары мен цифрлық экономиканың құзыреті.
Вице-министр бұл жобаны іске асыру жоғары білім берудің цифрлық экожүйесін құруда серпіліс беретінін атап өтті.