Қазақстандағы жылу электр стансылары генерациялаушы қуаттарының 41 пайызға жуығы 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істуде

АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандағы жылу электр стансалары генерациялаушы қуаттарының 41 пайызға жуығы 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, еліміз экономикасының өсім қарқыны және электр қуатын тұтыну көлемінің жыл сайын артып келе жатқаны превентивті шараларды қабылдауды қажет етеді. «Бұл тұрғыдан алғанда біз қуаттарды бірқатар бағыттар бойынша дамытуды көздеп отырмыз. Атап айтқанда, электр стансыларындағы қазіргі құрал-жабдықтарды қайта жаңғырту, жаңа қуаттарды іске қосу, жаңа электр стансылардың құрылысын салу, балансқа электр энергиясының жаңартылатын көздерін қатыстыру көзделуде», деді ол.

Д. Тұрғанов келтірген деректерге сүйенсек, ағымдағы жылғы қаңтардың 1-гі жағдай бойынша еліміздегі электр стансыларының жалпы белгіленген қуаты 19,1 МВт. құрайды.

Соңғы жаңалықтар