Қазақстандағы жылумен жабдықтау инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 12,5 мың шақырымды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы жылумен жабдықтау инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 12,5 мың шақырымды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Қазақстандағы жылумен жабдықтау инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 12,5 мың шақырымды құрайды

Оның атап өтуніше, Қазақстандағы жылумен жабдықтау инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 12,5 мың шақырымды, газбен жабдықтауда 29,4 мың шақырымды, электр энергиясымен жабдықтауда 136,6 мың шақырымды құрайды. Мұнан бөлек қуаты 100 гигаколорияға дейінгі 5 646 қазандық бар.

«Бұл біздің өкілеттіміз аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары бойынша атқаратын көлеміміз. Өйткені, қуаты 100 гигаколориядан жоғары жылу электр стансалары, үлкен қазандықтармен жұмыс істеу еліміздің Энергетика министрлігінің құзыретінде», - деді Қ.Өскенбаев.