Қазақстандық 30 тауар өндіруші СІІЕ көрмесіне қатысады

Қазақстандық 30 тауар өндіруші Шанхайда 5-10 қараша аралығында өтетін, әлі жұмысын бастамаған алтыншы Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

китай
Фото: Руслан Сулейменов/Kazinform

“Qaztrade” АҚ экспортты дамыту департаментінің директоры Мира Жаңабергенованың сөзінше, Қытайдағы көрмеде Қазақстан екі стендке қойылған - ұлттық және коммерциялық.

"Ұлттық павильонымыздың негізгі концепциясы - “АӨК-нен инновацияға дейін”. Біз Қазақстанның негізгі бағыттарын таныстырамыз, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, инвестиция, туризм, экспорт, логистика мен басқа да бағыттар бар", - деді «Qaztrade” өкілі.

Ол ары қарай коммерциялық павильон стенді “Тағам және ауылшаруашылығы өнеркәсібі” секторында екенін айтты. Ол жерге қазақстандық 30 тауар өндіруші өз өнімдерін қойған. Олардың қатарында макарон және кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, бал, сүт өнімдері, оның ішінде шұбат пен қымыз және т.б. бар.

китай
Фото: Руслан Сулейменов/Kazinform

"Қазақстандық өнім Қытайдағы көрмеде сыртқы нарыққа отандық өндірушілердің шикізаттық емес өнімдерін шығару мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында таныстырылады", - деп атап өтті ол.

“Qaztrade” АҚ өкілі Қазақстан Қытай халықаралық импорт көрмесіне ол жұмысын бастаған 2018 жылдан бері қатысып келе жатқанын атап өтті. Бес жыл ішінде көрмеде 100-ден астам қазақстандық компания 260 млн доллардан асатын экспорттық келісімшарттар орнатқанын атап өтті.

Бұған дейін Бейжіңдегі баспасөз конференциясында ҚХР коммерция министрінің орынбасары Шэн Цюпин хабарлағандай, биыл алтыншы Қытай халықаралық импорт көрмесінде 70-ке жуық ел ұлттық өнімдерін таныстырады. Оның 11-і алғаш рет көрмеге офлайн-форматта қатысады.

Қазіргі СІІЕ құрметті қонақтары Қазақстан, Въетнам, Сербия мен басқа да елдер болмақ.
Алтыншы Қытай халықаралық импорт көрмесі 5-10 қараша аралығында Шанхайда өтеді.

ЭКСПО-ға 154 ел мен әлем өңірлері, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдері қатысады.
Қазіргі күні 3,4 мыңнан астам компания қатысу үшін тіркелді. Оған 410 мыңға жуық кәсіби сатып алушы барады деп жоспарланған.