Қазақстандық әнші «Singer» байқауында өнер көрсетті

Рухия Байдүкен
Фото: әншінің weibo әлеуметтік желісіндегі фото

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық әнші Рухия Байдүкен Қытайдағы «Singer» ән байқауында өнер көрсетті.

Рухия 8-кезеңде «All By Myself» әнін шырқады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Топ жару» статусымен келген шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түсті.

Өкінішке орай, қазақстандық әнші дауыс беру нәтижесінде жеңіске жете алмады.

Байқаудың 8-кезеңі аяқталғаннан кейін, көптеген қытайлық көрермен Weibo әлеуметтік желісінде Рухияның талантына өз ризашылығын білдіріп жатыр. Тіпті кейбірі оны келесі кезеңге лайық деп бағалап, жас әншінің болашағына сәттілік тіледі.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауына қатысып, екінші орынды жеңіп алды және әлемдік аренада танымал әншіге айналды.

Осыған дейін Димаш қатысқан «Singer» байқауында Рухия Байдүкен бақ сынайтынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
telegram