Қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Қарулы күштерінің командасы Аризона штатындағы Кемп Навахо әскери базасында жыл сайын өтетін Best worrier байқауына қатысып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның намысын өткен жылы кәсіби сайыста жүлделі орындарға ие болған 54835-А әскери бөлімі батальонының сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі ротасының 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғап жатыр.

Қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатты
Фото: Қорғаныс министрлігі

18 мамырға дейін созылатын байқауға АҚШ-тың 7 штатынан, Фиджи, Гуам, Тонга және Филиппиннен келген әскери қызметшілер сайысады. Аризона Ұлттық гвардиясы жыл сайын Best worrier байқауын өткізіп, онда әскери қолданбалы пәндерден үздік деп танылған сержанттарды анықтайды.

Қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жарыс армиялық жауынгерлік фитнес тесті, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндерінен нормативтерді орындау, түнгі күзет, картамен жұмыс, аймақты бағалау және азимут бойынша қозғалыс, жергілікті жерді патрульдеу, тактикалық медицина, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан ату, арнайы әскери сауытпен және 12 келі жүкпен 22 шақырымға марш жүгіру сынды 10 негізгі жарыстан тұрады.

Дүбірлі додада АҚШ армиясының қару-жарағымен және құралдарында жаттығулар мен нормативтерді орындаса да біздің әскери қызметшілер тамаша нәтижелер көрсетіп жатыр.

Қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Нақтырақ айтсақ, 3-сыныпты сержант Дархан Аслан 800 метрге жүгіруде қашықтықты 2 минут 5 секундта еңсеріп, үздік нәтиже көрсетті. Ол көрсеткен нәтиже Аризона штатының Ұлттық гвардия байқауы тарихындағы рекорд ретінде тіркелді.

Айта кетейік, мамырда Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды.

Соңғы жаңалықтар