Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық атлет жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты басталды.

Екатерина Пузырева
Фото: ҚР ҰОК

Алғашқы жарыс күні қазақстандық атлет Екатерина Пузырева 100 метрге жүгіруде сынға түсті. Бірінші айналымда отандасымыз 12.31 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, жетінші орынмен финалға жолдама алды.

Айта кетейік, аталған дисциплинада финалдық кезең Астана уақытымен 19:35-те басталады.

Қазақстан жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайтынын жазған едік.