Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлеттер Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында кезекті алтын медальға қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.
Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшысы Жұмағали Аянат үш алтын медаль жеңіп алды! 77 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Жұмағали Аянат сенімді түрде абсолютті жеңіске жетіп, келесі нәтижелерді көрсетті:
Жұлқа көтеру — 104 кг
Серпе көтеру — 133 кг
Қос сайыс қорытындысы — 237 кг
Осылайша Жұмағали Аянат 20 жасқа дейінгі юниорлар мен қыздар арасындағы Азия чемпион атанды.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова иеленді — 224 кг (101+123). Үздік үштікті оның отандасы Дильноза Файзуллаева түйіндеді — 223 кг (100+123).
Бұған дейін жасөспірімдер арасында Снежана Кашкарова (57 кг дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 кг дейін) және Ақжол Құрманбек (85 кг дейін) алтын медаль жеңіп алған. Ал ұлдар мен қыздар арасындағы жасөспірімдер санатында Ксения Прозорова (61 кг дейін) чемпион атанды.