Қазақстандық авиатасымалдаушы Шыңжаңдағы ең ірі шетелдік әуекомпания атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы ҚХР Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданындағы ең ірі шетелдік авиакомпания атанып, «Астана-Инин (Құлжа)» бағыты бойынша алғашқы рейсті орындады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі.

FlyArystan
Фото: Kazinform

Airbus A320 ұшағымен FS 7989 рейсі Астана халықаралық әуежайынан сағат 07:55-те ұшты. Жол жүру уақыты 2 сағат 25 минут болды. Ининада бортты авиациялық дәстүр бойынша су аркасымен қарсы алды.

FlyArystan
Фото: Kazinform

Жаңа әуе бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. 

FlyArystan
Фото: Kazinform

- Бүгінде қазақстандық авиакомпания Қытайдың Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданындағы ең ірі шетелдік тасымалдаушыға айналды және біз мұны мақтан тұтамыз. Аймаққа тікелей рейстер сұранысқа ие бола бастады. Оларды іскер жолаушылар, сауда компаниялары және Шыңжаңға алғаш барған туристер таңдайды. Бір кездері ол Ұлы Жібек жолының қиылысында жатты, ал бүгінде ол Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда орталығына айналды. Біз онымен бірге дамуға және мұнда жаңа бағыттар ашуға ниеттіміз, – деп атап өтті «FlyArystan» АҚ президенті Йохан Эйдхаген.

Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтауды Үрімші және Инин қалаларымен байланыстыра отырып, Қазақстан мен Шыңжаң арасында төрт тікелей маршрутты орындайды. 

FlyArystan
Фото: Kazinform

Бұған дейін Жаңа авиамаршрут Астананы қытайлық Ининмен байланыстыратыны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды.