Қазақстандық автотасымалдаушылар Өзбекстанға кіргенде, алым төлей ме?

АСТАНА. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керектігі туралы ақпарат тарауда.

автотасымалда
Фото: Pexels

Осы мәселеге қатысты ҚР Көлік министрлігі мәлімдеме жасады.

- 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ, - деп жазды ведомстводан.


Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан үкіметі түрікменстандық жүк көліктерінен алынатын төлем мөлшерін ұлғайтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар