Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінен Әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов жеңімпаз атанды. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: sports.kz

Ол әскери қызметшілер арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатының финалдық сайысында 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде «классиктер» арасында бірінші орын иеленді. Оның қарсылысы Иран өкілі болды. 



Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль алған үшінші қазақстандық. Алдыңғы жылдары осындай нәтижеге грек-рим күресінен Бағлан Жақанша (2013, 60 кг) мен еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 кг) қол жеткізген болатын.