Қазақстандық балуан Париж Олимпиадасына жолдама алды

Қазақстандық балуан Париж Олимпиадасына жолдама алды
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай төртжылдықтың басты додасында бақ сынайды. 

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды. 

Еске сала кетейік, күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына барудан бас тартты. Ал, ресейліктер сапындағы Заур Угуиев Олимпиада жолдамасын иеленерде біздің Мейрамбек Қартбайдан басым түскен болатын. 

Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.

Еске сала кетейік, Мейрамбек Қартбай 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Ол жолдама үшін таласта Олимпиада чемпионы Заур Угуиевке жол беріп, қалған іріктеу турниріне қатысқан жоқ.

Айта кетсек, Мейрамбек Қартбай 57 келі салмақта белдеседі.

Соңғы жаңалықтар
telegram