Қазақстандық балуан Ресейдегі турнирдің чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Ресейдің Красноярск қаласында аяқталған Иван Ярыгин кубогы турнирінде жеңімпаз атанды.

Қазақстандық балуан Ресейдегі турнирдің чемпионы атанды
Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Э.Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Ол финалда моңғолиялық Даваанасан Енх-Амардың жауырынын жер иіскетті.

Тағы бір қазақстандық Виктория Хусаинова 62 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде ғана жеңіліп қалды. 

Оған қоса осы салмақта Тыныс Дүбек қола жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан балуандары Франциядағы турнирде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар