Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарындағы жарысты бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Аичи-Нагоядағы (Жапония) XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан жарыстар басталды.

Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарындағы жарысты бастады
Фото: ҚР ҰОК

Алғаш болып әйелдер құрамасы сынға түсіп, семсерлесуден іріктеу кезеңін өткізді.

Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен Диана Щедрова 32 жекпе-жектің 19-ында жеңіске жетіп, 12-орынға тұрақтады.

Аяна Қазбекова 17 жеңіспен 16-орын алды. Ал Юлиана Петрова 14 жекпе-жекте басым түсіп, 22-орынға орналасты.

Айта кетейік, семсерлесудегі іріктеудің қорытындысы келесі кезеңде спортшылардың жеребедегі орындарын айқындайды.

Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал 17 қыркүйекте өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) тасжолдағы велоспорттан Монреальда (Канада) өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялаған еді.