Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) тасжолдағы велоспорттан Монреальда (Канада) өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы сапында келесі велошабандоздар өнер көрсетеді:
Элита: Антон Кузьмин, Даниил Марухин, Фаина Потапова
U23: Владислав Башлыков, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный
Жасөспірімдер: Мұрат Куитенов, Глеб Новиков, Павел Подлужный, Әнел Тәшбай
Айта кетейік, әлем чемпионаты 20-27 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін биылғы Азия ойындарына ел атынан 559 спортшы қатысатынын хабарлағанбыз.