Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатының финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Ташкентте бокстан өткен 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасының 8 спортшы бақ сынады. Бес спортшы финалға өтіп, үшеуі қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.
Алтын медаль үшін белдесуге жолдама алғандар: Хатшепсут Сәдуақасова (50 келі), Балым Ғабитқызы (60 келі), Аяулым Оспанова (66 келі), Диана Надырбек (75 келі), Жансая Ержан (80 келі).
Турнирдің қола жүлдегерлері Милана Иншина (46 келі), Розалия Вайдеман (57 келі) және Айлин Ходжамбердиева (70 келі).
Азия чемпионатының финалдық белдесулері 15 мамырға жоспарланған.
Айта кетейік, World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен әлем кубогының бірінші кезеңін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орын алғаны белгілі болды.