Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты
Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшы, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова Астанада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

54 келіге дейінгі боксшылар арасындағы кездесуде қазақстандық боксшы Тәжікстан спортшысы Фотима Бекмурадовамен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді түрде жеңіске жетті.

Енді Элина Базарованың финалдағы қарсыласы – үнді боксшысы Преети Преети.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 сәуірде басталды, 7 мамырда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар