Қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын ұтып жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінің» төртінші жарыс күнінде тағы бір қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын ұтып жартылай финалға шықты.

Нақтырақ айтсақ, 54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Тимур Қабдеш ширек финалда қытайлық Ма Шин Минмен қолғап түйістіріп, қарсыласын жүлдесіз қалдырды. Осылайша отандасымыз Қазақстан ерлер құрамасынан жартылай финалға шыққан 10-шы боксшы болды.
Тимур қарсыласын 4:1 есебімен қапы қалдырды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ерасыл Жақпеков жартылай финалға жолдама алды.
Сонымен қатар Бекзат Нұрдәулетов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайлар, Теміртас Жүсіпов, Даниал Сәбит, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Тимур Нұрсейітов және Ерасыл Жақпеков жартылай финалға шықты. Аты аталған боксшыларымыз енді финалдық бәсекені күтуде.