Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде 15-орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингіндегі орнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде 15-орынға көтерілді
Фото: Sports.kz

23 жастағы боксшы Instagram парақшасында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінен түсірілген видеоны жариялады.

— Бұл тек бастамасы. WBA рейтингінде 15-орын, — деп жазды ол.

Санжар Ташкенбай кәсіпқой рингтегі дебютін 28 тамызда Астанада өткен IBA Nomad турнирінде жасады. Ол филиппиндік Нил Хакамосты (7-2, 1 нокаут) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Жекпе-жек барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, бірінші аса жеңіл салмақта WBA Asia аймақтық чемпионы атанды.

Осы кездесуден кейін Санжар Ташкенбай WBA рейтингінің үздік 15 боксшысының қатарына қосылды. Сондай-ақ WBC рейтингінде 35-орынға жайғасты.

Қазақстандық боксшы өнер көрсететін салмақта WBA тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы — пуэрторикалық Рене Сантьяго.

Айта кетейік, биыл тамыз айында Шавкат Рахмонов Санжар Тәшкенбайды қылқындыру әдісімен жеңген болатын.