Қазақстандық боксшылар әлем кубогында 18 маусымда кімдермен сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында қазақстандық боксшылар 18 маусымда кімдермен сынға түседі.

Қазақстандық боксшылар әлем кубогында 18 маусымда кімдермен сынға түседі
Фото: ҰОК

Бұл күні ел құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың екеуі — әйелдер, біреуі — ерлер құрамасынан. Отандастарымыздың барлығы күндізгі сессияда сынға түседі.

Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)
1-жұп. 51 келі. 1/8 финал. А рингі
Алуа Балқыбекова — Ирисмар Кардозо (Венесуэла)
6-жұп. 65 келі. 1/8 финал. А рингі
Санатәлі Төлтаев — Патрис Мугалзаи (Англия)
9-жұп. 54 келі. ¼ финал. А рингі
Назым Қызайбай — Виктория Рогалинска (Польша).

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады.

Қазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады.

Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сабыржан Аққалықов әлем кубогын аяқтады.