Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында ширек финалда кімдермен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында 7 боксшы ширек финалда сынға түсуге мүмкіндік алды.
¼ финалдық жекпе-жектер 27 және 28 қыркүйек күндеріне белгіленген. Жарыстың бұл сатысында еліміздің атынан ерлер құрамасынан төрт, әйелдерде үш боксшы шаршы алаңға шығады.
27 қыркүйек
13:00. 65 келі. Аида Әбікеева — Шу Ли (Қытай)
15:00. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Мизакир Қошалиев (Қырғызстан)
28 қыркүйек
8:00. 51 келі. Алуа Балқыбекова — Юна Нишиннака (Жпаония)
9:00. 75 келі. Наталья Богданова — Азиза Зокирова (Өзбекстан)
10:00. 80 келі. Төрехан Сабырхан — Әли Ас-Сараи (Ирак)
14:00. 60 келі. Махмұд Сабырхан — Жаенг Шин (Жапония)
15:00. Нұрбек Оралбай — Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан).
Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.
Құрлықтық бәсекеге еліміздің ерлер құрамасында 6, әйелдерде 5 боксшы аттанған еді. Олардың қатарында ерлерде Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдерде тізімге Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) енгізілген еді.