Қазақстандық боксшылар U19 әлем чемпионаты финалында қай уақытта рингке шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшылар Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 19 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалында кімдермен сайысқа түсетіні белгілі болды.
Шешуші жарыс күні, 27 қазанда ел құрамасынан 4 отандасымыз бас жүлдені сарапқа салады. Олардың 1-еуі күндізге, 3-еуі кешкі сессияда сынға түседі.
Күндізгі сессия
7-жұп. 70 келі.Бибарыс Әшірбай — Джон Донохуе (Ирландия)
Кешкі сессия
4-жұп. 57 келі. Алина Құдайгенова — Анастасия Голунова (Ресей)
8-жұп. 80 келіден жоғары. Зарина Толыбай — Самира Итониева (Ресей)
10-жұп. 90 келіден жоғары. Владислав Саможонов — Ислам Салихов (Өзбекстан).
Сондай-ақ ел құрамасынан Мадира Жұмақан (51 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, әлем чемпионатына барлығы ел құрамасы сапында 20 боксшы аттанған еді. Олардың қатарында ұлдарда Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбісенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Әмір Рамазан (75 келі), Тимур Тайбеков (80 келі), Руслан Ахметов (85 келі), Еркетан Жарқынбек (90 келі), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) бар.
Ал қыздарда Жадыра Қалтай (48 келі), Мәдира Жұмақан (51 келі), Жанел Имантаева (54 келі), Алина Құдайгенова (57 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Айсұлу Мұхит (65 келі), Камила Оспанова (70 келі), Алтынгүл Аймахан (75 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.