Қазақстандық боксшылардың WBO рейтингіндегі орны белгілі болды

Бокс
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. 

Sports.kz порталының мәліметіне сүйенсек, бірінші ауыр салмақта Германияда тұратын Қазақстанның тумасы Роман Фресс 10-орыннан 9-орынға көтерілсе, Әли Балоев 12-орнын сақтап қалған. 

Бұл салмақта әлем чемпионы британдық Крис Биллам-Смит болса, үздік үштікте оның отандасы Ричард Риакпур, поляк боксшысы Майкл Цисляк және канадалық Райан Росицки бар. 

Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленген орта дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов екі британдық Хамза Шираз бен кіші Крис Юбанкті ғана артта қалдырып, үшінші орынға жайғасқан. 

Соңғы жаңалықтар