Қазақстандық боксшылардың «Жібек жолы» турниріндегі алғашқы қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Бакуде (Әзербайжан) өтетін «Жібек жолы» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Олар:
48 келі:
Нұрғиса Тұрабеков – Павел Васильев (Ресей)
Ернар Қарап – Бехруз Холдоров (Өзбекстан)
51 келі:
Рамазан Нұрлыбаев – Нижат Гусейнов (Әзербайжан)
54 келі:
Бексұлтан Боранбек – Максим Кузнецов (Ресей)
Жандәулет Сәрсенбаев – Канан Әлиев (Әзербайжан)
Бағлан Кенжебек – Ладо Карчава (Грузия)
57 келі:
Ерболат Сабыр – Агасалим Мұстафазаде (Әзербайжан)
Ержан Тұрдан – Махмуд Гусейнов (Әзербайжан)
60 келі:
Жансері Көшербаев – Мұхаммедали Гасымзаде (Әзербайжан)
Шыңғыс Мусинов – Томислав Динович (Черногория)
63,5 келі:
Бекзат Мағжан – Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан)
67 келі:
Дулат Бекбауов – Заур Гахраманов (Әзербайжан)
Асылхан Көшербай – Вугар Мамедов (Әзербайжан)
71 келі:
Нұрбек Мұрсал – Ескерхан Мәдиев (Грузия)
Елнұр Сүйінбай – Игорь Свиридченков (Ресей)
75 келі:
Өнер Сейілхан – Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан)
Санжарәлі Бегалиев – Фархад Шейдаев (Әзербайжан)
Мақсат Өтегенов – Расим Чобанли (Әзербайжан)
86 келі:
Дәурен Мамыр – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
92 келі:
Данияр Рахимбердинов – Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан)
Дүбірлі додаға қатысатын былғары қолғап шеберлері 11 салмақта сынға түседі. Аталған турнир 16 сәуір күні мәресіне жетеді.
Айта кетейік, осыған дейін ерлер мен әйелдер арасында кімдер сынға түсетіні туралы жазған болатынбыз.