Қазақстандық бітімгерлер әскери парадта жүріп өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Жеңістің 80 жылдығына орай өтіп жатқан әскери парадқа бітімгерлер тобы қатысты.

Как прошел Парад Победы в Астане
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Парадтық есептопты Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы І және II дәрежелі «Айбын» ордендерінің иегері подполковник Жігер Аипов бастады.

Астанада әскери парад өтіп жатыр. Салтанатты іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Оған елордадағы парадқа ел өңірлерінен соғыс ардагерлері келді. 

Еске кетейік, 12 сәуірде қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды. 

Еске салсақ, 2024 жылы наурызда Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті (139 әскери қызметкер) БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілді. Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады.

Сириядағы төңкеріс кезінде қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның 24 қызметкерін эвакуациялады. 

Сондай-ақ Президент бітімгер әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. 

Соңғы жаңалықтар