Қазақстандық Дмитрий Попко қатарынан 20 ойында жеңіске жетті

Попко
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 956-орында тұрған Пауло Андре Дос Сантоспен сәтті өткізді. Попко бразиялиялық қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Ол енді ширек финалға шығу үшін рейтингіде 969-сатыдағы франциялық Куентин Фоллиотпен таласады. 

Бұған дейін қазақстандық теннисші АҚШ-тың Флорида штатында өткен үш ITF жарысында жеңімпаз атанып, ал Аргентинаның Тукуман қаласында финалға дейін жетті. Тукуманда бразилиялық Педро Сакамотомен өтуі тиіс соңғы бәсеке ауа райына байланысты болмай қалды да, ұпай финалистер арасында тең бөлінді. 

Сол ойынды есептемегенде, Попко қатарынан 20 кездесуін жеңіспен аяқтап отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің жеңіс сериясын 13-ке жеткізгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады.

Соңғы жаңалықтар