Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Софияда (Болгария) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы бұл додада бес медальға қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.

Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде (Болгария, София) Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалдық кезеңге өткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар