Қазақстандық екі балуан АҚШ-та өткен U23 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуандар Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Грек-рим күресінен сынға түскен отандастарымыз тиісінше 72 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде топ жарды.

спорт
Фото: Туризм және спорт министрлігі

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов жарысты сенімді жеңістермен бастап, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Юсуф 4:3 есебімен жеңіске жетіп, U23 әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық екі балуан АҚШ-та өткен U23 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков те қарсыластарының барлығын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Финалға жолдама үшін өткен белдесуде украиналық Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңген Айбек алтын жүлде үшін әзірбайжандық Елмир Алиевпен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласынан 13:4 есебімен басым түскен отандасымыз әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық екі балуан АҚШ-та өткен U23 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Kazinform

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны медальға таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей балуанын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін Иран өкілі Ясин Әли Яздиімен белдеседі.

Қазақстандық екі балуан АҚШ-та өткен U23 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ал 130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узаров жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.