Қазақстандық екі боксшы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жарыс күні Қазақстаннан екі спортшы рингке шықты.

бокс
Фото: qaz_team_official и boxingkazakhstan

Алдымен Оразбек Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Мохамад Зүльхайнмен жұдырықтасты.

Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ мерзімінен бұрын, нокаутпен ұтты.

Оразбек енді ¼ финалдық кездесуін 5 желтоқсан күні өткізеді.

Сондай-ақ Бейбарыс Жексен 60 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дилшод Абдумуродовпен қарсы келді. Бірінші раундта Бейбарыс 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші кезеңде төрешілер басымдықты түгелдей Б.Жексенге берді. Қорытынды есеп – 4:1, Бейбарыстың пайдасында.

Осылайша, Бейбарыс Жексен де ширек финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында жарыс басталмай жатып Қазақстанның 6 медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ¼ финалына жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар