Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Иорданияның Амман қаласында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болған. 

Балуандардың еншісінде 8 медаль бар. 110 келі салмақ дәрежесінде Қасымбек Едіге алтын жүлдегер атанса, 60 келіде Бекасыл Асамбек күміс медаль иеленді.

Тағы төрт балуанымыздың еншісінде қола жүлде бар. 

Соңғы жаңалықтар