Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Киото қаласында өткен ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионаты аяқталды.

в
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін төрт медальмен аяқтады.

Кирилл Тубаев байдаркамен ескек есуден 10 шақырымдық жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Ал Полат Төребеков 10 шақырымдық қашықтықта каноэмен ескек есуде топ жарды.

ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта үздік атанса, Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып жеткен еді.

Айта кетейік, Қазақстан таеквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болды.