Қазақстандық футболшы командасын Португалия құрамасының экс-бапкері жаттықтырады

Португалиялық маман Фернанду Сантуш «Бешікташ» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Kazinform бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бешікташ
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

Жаңа жаттықтырушы жөнінде клубтың ресми парақшасында хабарлама шықты.

«Команданың бас бапкері болып португалиялық Фернандо Сантуш тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Сантуштың жетекшілігімен Португалия құрамасы 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды. 

Айта кетейік, «Бешикташ» сапында қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.