Қазақстандық ғалымдар полиэтилен мен ағаш қалдықтарынан құрылыс материалын жасап шығарды
АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында құрылыс материалдарының қалдығын өндірісте пайдалануға болатын жоба туралы мәлімет ұсынды.
«Өзегінде ағаш бар құранды материал өндірісін ұйымдастыру» жобасы ағаш өңдеу саласындағы өнеркәсіп өнімі мен қайталама шикізатты пайдалану арқылы құрылыс материалын жасауға бағытталған. Ағаш-полимер бұйым жасауға ағаш өңдеуден артылған қалдық пен өңделген полиэтиленді, және полипропиленді қайталап пайдалану арқылы түзіледі», - делінген министрлік жауабында.
Ведомствоның мәліметі бойынша, жоба аясында 500 тонна қалдықты өңдеуге болады.
«Жоба жақсы нәтижелерге қол жеткізді, өндіріс жолға қойылды. Бүгінгі таңда өнім сатудан түскен табыс грант сомасының жартысынан асып кетті», - деп жазылған министрлік мәліметінде.