Қазақстандық ғалымдар Ватикан архивіндегі материалдармен танысады

Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық ғалымдар Ватикандағы Апостол кітапханасының мұрағатына барып, бұрын қолжетімсіз болған материалдармен танысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Министрдің айтуынша, үш жыл бұрын Қазақстанның Шығыстану институты мен Ватикан кітапханасы арасында келісімге қол қойылды.

Саясат Нұрбек
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

«Биыл біздің ғалымдардың бірінші тобы Римге барып, алғаш рет Апостол кітапханасының жабық мұрағатына рұқсат алады. Бұл 10 ғасырдан бастап біздің аймақтарға келген иезуиттер мен доминикандықтардың миссиялары туралы есептер. Олар арнайы мнемотехника бойынша оқытылған және айлар бойы көрген-білгенін мұқият жазып отырған. Біздің ғалымдарға бұрын жабық болған дереккөздермен танысуға мүмкіндік беріледі, жаңа тарихи фактілер де ашылуы мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Саясат Нұрбек Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумында.

форум
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бұған дейін де қазақ ғалымдары Ватикан кітапханасындағы түркі тарихына қатысты қолжазбаларды зерттеуге мүмкіндік алатыны хабарланған еді.

Орталық Азия тарихшылар форумы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Айта кетейік, Еуразия ұлттық университетінде «Орталық Азия тарихы: халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының І форумы өтті.

Дархан Қыдырәлі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан ғалымдары, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері келді.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram