Қазақстандық қымыз дизайны Нью-Йоркте үздік деп танылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – JAS.BRANDS қазақстандық агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін иеленді.
Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындардың тұжырымдамалық дизайны санатында үздік деп танылған. Отандық жоба әлемнің әр түкпірінен ұсынылған 1 500-ден астам жұмысты басып озды. Марапаттау рәсімі 6 мамырда LUXE PACK көрмесі аясында өтті.
– DIELINE Awards қаптама дизайны саласындағы әлемдегі жетекші сыйлықтардың бірі саналады. SAF Qymyz жобасының жеңісі қазақстандық креативті индустрияның әлеуетін көрсетеді, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды.