Қазақстандық компаниялар Alibaba-да қандай тауар сатып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылы Қытайдың ең ірі B2B маркетплейсіне 70 қазақстандық компания тіркеліп, оларға «Алтын жеткізуші» премиум мәртебесіндегі аккаунттар берілді. ҚР Сауда және интеграция министрлігі отандық компаниялар бұл маркетплейсте қандай тауарлар ұсынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Alibaba Group
Фото: investopedia.com

Ведомствоның мәліметінше, Alibaba.com платформасында қазақстандық жеткізушілер ұсынатын және экспорттайтын негізгі тауар санаттары төмендегідей: 

Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдері: бал, күріш, халал ет, күнбағыс майы, макарон өнімдері, ұн, жармалар, жаңғақтар, тұқымдар, құрғақ бие және түйе сүті, консервілер, мал азығына арналған қоспалар және т.б.

Кондитерлік өнімдер мен снэктер: шоколад, кәмпит, печенье және басқа да тәттілер.

Өнеркәсіптік өнімдер: дизельмен жұмыс істейтін генераторлар, электр жабдықтары, электр қалқандары, кабель науашалары, өртке қарсы қалқандар, металл табақтардан жасалған стандартты емес жабдықтар, полиэтиленнен жасалған кабельдік құбырлар, аспаптар мен құрылғылар, көмір сүзгілері, мектеп жиһазы.

Алкогольді және алкогольсіз өнімдер: шарап, арақ, табиғи шырындар.

Мата және киім-кешек: әртүрлі тоқыма бұйымдары мен киімдер.

Химиялық өнімдер: әйелдерге арналған косметика, медициналық мақсаттағы бұйымдар, ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар).

Айта кетейік, бұған дейін елімізден шығатын шикізат емес тауарлар көлемі артып келе жатқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар