Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Нидерландта алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

 Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Нидерландта алтын медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан. Бүгін еркін жаттығуда жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте - 256.34 балл жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде кетсе, қола тағы бір жапондық мәнерлеп сырғанаушы 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).

Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.

Соңғы жаңалықтар