Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Будапешттегі турнирге қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстанның Будапешт қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысады.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Никита Кривошеев өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Зере Сарбалина ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, халықаралық жарыс 15-18 қазан аралығында өтеді.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында өнер көрсететінін жаздық.