Қазақстандық марафоншы Олимпиаданы 33-орынмен аяқтады
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының соңғы күні қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова марафон жарысында ел намысын қорғады.
Отандасымыз әйелдер арасында өткен марафонда белгіленген қашықтықты 02:30:51 уақыт көрсеткішімен бағындырып, мәреге 33-ші болып жетті.
Аталған жарыста Голландиялық жүгіруші Сифан Хассан алтын жүлдені жеңіп алды. Ол қашықтықты 2:22,55-те жүгіріп өтіп, Олимпиада рекордын орнатты. Күміс жүлдені эфиопиялық Тигс Ассефа жеңіп алса, қола жүлде кениялық Хеллен Онсандо Обириге бұйырды.
Жарысқа жалпы 91 спортшы қатысты. Бұл Жанна Мамажанованың екінші Олимпиада ойындары. Ол осыған дейін Токио-2020 Олимпиадасына да қатысқан еді.
Қазақстандық марафоншы биыл сәуірде Роттердамда (Нидерланд) өткен жарыста Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын.
Генеральный партнер - АО "ФНБ "Самрук Казына"
Партнер - Фонд поддержки спорта Sport Qory