Қазақстандық мергендер Азия чемпионатынан 8 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан командасы 8 медаль жеңіп алды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, қазақстандық мергендер аталған Азия біріншілігінен 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.
Алтын медаль: Мария Дмитриенко, Әлішер Айсалбаев (трап, аралас жұптық сын), Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пенков (скит, командалық жарыс), Никита Моисеев, Богдан Конченко, Никита Чикулаев (трап, командалық жарыс).
Күміс медаль: Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко (скит, аралас жұптық сын).
Қола медаль: Мария Дмитриенко (трап, жекелей сын), Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова (трап, командалық сын), Илья Пеньков (скит, жекелей сын), Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко (скит, командалық сын).
Азия чемпионатына Қазақстаннан 18 спортшы қатысты. Өкінішке қарай, ешбір спортшы лицензияға қол жеткізе алмады.