Қазақстандық оқушылар FEMO олимпиадасында топ жарды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы №90 мектеп-лицей оқушылары Түркияда өткен FEMO халықаралық олимпиадасында 16 медаль жеңіп алды.

в
Фото: Алматы әкімдіг

Қала әкімдігінің мәліметінше, алматылық оқушылар Анталия қаласында 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өткен FEMO (Future Intelligence Students Mathematics Olympiad) халықаралық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Жас математиктер жалпы есепте 16 медаль жеңіп алған.

ы
Фото: Алматы әкімдігі

Жыл сайын өтетін олимпиадаға Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Германия, Польша, Франция, Индонезия, Армения және Кипр сынды 18 елдің өкілдері қатысқан. Жалпы 6 мың оқушының ішінде 570 қатысушы финалдық кезеңге жолдама алды.

в
Фото: Алматы әкімдігі

- №90 мамандандырылған мектеп-лицейінен қатысқан 3-6 сынып арасындағы 16 оқушының барлығы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді: 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль иеленді, - деп хабарлады әкімдіктен.

к
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан оқушылары АҚШ-тағы халықаралық робототехника турнирлерінде топ жарды.