Доллар мен теңгені қаншадан айырбастауға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 485,01 теңгеден сатып алынады, 491,97 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 562,00 теңге, сату - 571,97 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,34 теңге, сату - 6,65 теңге;
- юань 69,02 теңгеден сатып алынады, 74,03 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 487,88 теңге, сату - 490,00 теңге;
- еуро: сатып алу - 564,61 теңге, сату - 569,64 теңге;
- рубль 6,49 - 6,60 теңге аралығында саудаланады.
- юань 70,56 - 72,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 16 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,94 теңгеге түсіп, 487,17 теңге болды.