Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Отандасымыз Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық пара спортшы пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарып, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, Ербол Хамитов бұған дейін пара шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған еді.